Елімізде жиһаз бағасы неге қымбат

bacino.pro
bacino.pro
Ең арзан жиһаз Маңғыстау облысында сатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде бір жылдың ішінде жиһаз бағасы 19 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша елімізде 51,7 млрд теңгенің жиһазы шығарылды. Бұл 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2 пайызға жоғары.

Өңірлер арасында Алматы қаласында ең көп жиһаз өндірілді. Қалада шығарылған жиһаз 13,7 млрд теңгеге бағаланады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14 пайызға көп.

Жиһаз бағасының көрсеткіші бойынша, екінші және үшінші орындарда Қарағанды (1 жылда 57,9 пайыз өсіммен 4,9 млрд теңге) және Алматы облысы (58 пайыз өсіммен 4,7 млрд теңге) тұр.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысында жергілікті компаниялар металл орындықтар мен отыруға арналған өзге де жиһаздармен ішкі нарықты 32,6 пайызға қамтамасыз етті.

Сонымен отандық компаниялар кеңсеге арналған ағаш жиһазбен — 77,3, сауда-саттыққа арналған жиһаздармен — 67,5, ас үй жиһазымен — 63, матрастармен 56,9 пайызға қамти алды.

Осы жылдың тамыз айының қорытындысында жиһаздар мен тұрмыстық заттар бағасы бір жылдың ішінде 19,2 пайызға қымбаттады.

Қымбатшылық Шығыс Қазақстан (+33,1 пайыз), Ақмола (+31,1), Қарағанды (+29,6), Алматы (26,6) және Қостанай (+25,9) облыстарында байқалды.

Ең төмен өсім Маңғыстау облысында тіркелді: 4,3 пайыз.

Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Новости партнеров