Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 383,01 теңгеге тең болды
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 383,01 теңгеге тең болды.
Еске салайық, 7 маусымда доллар бағамы 383,28 теңге болған.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 383,2 теңгемен өтті және осы максималдық құны болды, ал минималдық құны - 382,95 теңге. Сауданың жалпы көлемі 182,5 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 385,5-386 аралығында. Астана уақытымен 11.10-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63,65 доллар болды.