Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізген дұрыс - Тоқаев

21.07.2022 17:57

Бұл туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты

ашық дереккөз

Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет. Бұл туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Көпжақты өзара іс-әрекеттің мығым экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала береді. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның Орталық Азиядағы өзге елдермен тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 млрд долларға жетті. Өзара сауда-саттықты ұлғайта түсу үшін мол резервтің бар екенін ескере отырып, көз жетерлік келешекте бұл көрсеткішті мүмкіндігінше 15 млрд долларға дейін жеткізу қажет», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.