1,3 млн астам қазақстандықтың қарызын төлеу мерзімі шегерілді

kstnews.kz
kstnews.kz
Қалған өтінімдер қаралып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1,3 млн астам қазақстандықтың қарызын төлеу мерзімі шегерілді, деп хабарлайды Almaty.tv Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халыққа және бизнеске қолдау көрсету жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеуді жалғастыруда.

"2020 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 518 071 өтінім келіп түсті" - деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде 1 505 960 жеке тұлға банк қарызының төлемдері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді. Сонымен бірге, 12 111 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік ұйымдарға төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтініш берді.

Сонымен қатар, "Төлемдерді тоқтата тұруға мақұлдауды 1 350 529 қарыз алушы алды, оның ішінде 1 340 707 – жеке тұлға, дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 9 822 ШОБ субъектісі. Қалған өтінімдер қаралып жатыр және 10 жұмыс күнінің ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады" - деп жазған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Новости партнеров