Алматының экономикалық индикаторы 122 пайызға дейін өсті

22.06.2023 18:15

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты

kapital.kz

Осы жылдың 5 айында Алматы экономикасының жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Мегаполистің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 122,2%-ға дейін жеделдеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында  Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экономика өсімінің драйверлері сауда (+27,2%), өңдеу өнеркәсібі (+24,4%), көлік және қоймалау (+16,7%) болды. Негізгі капиталға 484 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте, жеке инвестициялар 2,7% - ға өсті. Іскерлік белсенділік индексі 58,7 б. т. дейін жеделдеді.

"Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жыл басынан бері 29,4 мың жұмыс орны құрылды, оның 60%-ы тұрақты", - деп атап өтті Ерболат Досаев.