Қазақстанның бірнеше өңірінде бензин қымбаттады
retail-loyalty.org
Биылғы қаңтар-шілде айларында елімізде мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 миллион тоннаға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның бірнеше өңірінде бензин қымбаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еnergyprom.kz сарапшыларының айтуынша, биылғы қаңтар-шілде айларында елімізде мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 миллион тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмен екен.
«2020 жылдың тамызында бензин өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,4 пайызға қымбаттады. Ең жоғары баға Жамбыл (5,7 пайызға) және Алматы (4,3 пайызға) облыстарында, сондай-ақ Алматыда (4,2 пайызға) тіркелді. АИ-98 маркалы бензин бір жылда 2,6 пайызға, АИ-92 2,5 пайызға, ал АИ-95/96 1,2 пайызға қымбаттады. Дизель отыны, керісінше, аздап арзандады», – дейді сарапшылар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45