2030 жылға қарай Қазақстанда электр қуатының тапшылығы байқалады - Тоқаев

26.04.2019 18:31

Фото Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты пікір білдірді. Ол халықтың пікірі ескерілместен шешім қабылданбайтынын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Семейге іссапармен барды. Ол кездесу барысында Қазақстанда АЭС салу туралы тақырып қоғамда дау тудырғанын атап өтті.

«Бұл күрделі мәселе. 2030 жылға қарай Қазақстанда электр қуатының тапшылығы байқалады. Сәйкесінше, бұл мәселені бүгіннен бастап шешу керек», - дейді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев АЭС құрылысы туралы шешім қазақстандықтардың пікірін ескерусіз қабылданбайтынын айтты.

«Бұл бүкіл халықтың қызығушылығына қатысты маңызды мәселе. Және олардың пікірі ескеріледі. Осыған байланысты шешім қабылдайтын боламыз», - дейді Тоқаев.