Қазақстан 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшті

elements.envato.com
elements.envato.com

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Салық және кеден салаларында цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Цифрландыру қолжетімді онлайн сервистер есебінен бизнес қызметін жеңілдетіп, экономикалық құлдыраудың салдарын азайтуға мүмкіндік бергенін атап өткім келеді. Бұған дейін бизнес тарапынан кеденнің атына процестің ашық болмауына және қағаз түрінде декларациялау кезіндегі қиындықтарға қатысты көптеген мәселе болғаны жасырын емес.

Осыған байланысты электрондық декларациялау форматына көшу жүзеге асырылды. Сонымен, сауда рәсімдерін оңайлату мақсатында бұрын «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, бұл 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшу бойынша халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті», - деді Елдос Саудабаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, 2022 жылғы қыркүйекте үшінші елдерге жүріп өтетін транзиттік тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялардың хронометражы жүргізіліп, ұлттық теміржол тасымалдаушысы мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл схемасы әзірленді.

Бұл өзара іс-қимыл схемасы тауарлардың келгені туралы хабарламаны, алдын ала ақпараттандыру негізінде транзитті декларациялауды, транзиттік декларацияларды автоматты тіркеуді және шығаруды көздейді. Бір контейнерлік поезды рәсімдеу уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

«Қазір Қазақстан – Қытай шекарасындағы «Алтынкөл» және «Достық» өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары мен ұлттық теміржол тасымалдаушысының ақпараттық жүйелерінің интеграциясына тестілеу жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар кедендік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған», - деді Елдос Саудабаев.

Оқи отырыңыз: «Қорғас» кеден бекетінде шетел валютасын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Новости партнеров