Бүгін Алматыда Қасым-Жомарта Тоқаевтың төрағалығымен мегаполисті экономикалық-әлеуметтік бағытта дамыту турасында жиналыс өтті. Жиналыста қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қала басшысы мегаполистің бірқатар проблемалық мәселелеріне тоқталды. Ол өз кезегінде «Шетсіз қала» принципі бойынша қаланың орталығы мен шет жақтарын бір деңгейде дамыту арқылы алматылықтарға жайлы өмір сыйлауды көздейді. Бұл мәселе алдағы бес жылда жүзеге асырылмақ және оған 800 млрд.теңгені қажет етеді.
Екіншіден, бүгінде қала тұтас бюджетке айтарлықтай салмақ салып отырғандықтан, бюджеттік қаржыландыру мәселесін жүйелі түрде шешу қажет. Әлеуметтік шығындардың өсуі республикалық бюджет трансфертінен тиісті орнын ала алмай отыр.
Басты себеп – агломерациялық процестердің үдей түсуі және осыған байланысты миграцияның күрт өсуі, ал бұл әлеуметтік, тасымалдау және инженерлік инфрасқұрылымдық шығындардың көбеюіне алып келуде.
Ал бұл шығындар республикалық бюджеттен бөлініп отырған жоқ. Тиісті қаржыландырусыз – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту міндеті, «қолжетімділік» принципі бойынша әлеуметке жайлы жағдай туғызу мәселесін шешу мүмкін емес» – деді Бакытжан Сағынтаев.
Қаржыландырудың түрлі қайнар көзімен қамтамамыз етудің тағы бір жүйелі шешімі – ұзақмерзімді келісім негізінде қаланың құзырын кеңейту болып табылады.
«Алматының бәсекелестік артықшылығы – халықаралық рейтинг мақұлдаған жақсы бизнес-климат, адами капитал және мықты кәсіпкерлік қауымдастық, осылардың барлығы қала мен Қазақстанның экономикасына қызмет етуі керек», – деді қала әкімі. – Сондықтан мен көтерген осы мәселелер төңірегінде Сіздің Үкіметке тапсырма беруіңізді өтінемін».
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен мегаполисті экономикалық-әлеуметтік бағытта дамыту турасында жиналыста Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік нысандарды салуға жер жетіспеушілігі мәселесі мен оны шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Оның айтуынша, қалпына келтіруге қажет аумақ қалыпты мөлшерден 70% аз.
Мәселені қалай шешуге болады?
1. Проблемалық несиелер қорыннан экономикалық айналымға 400 га астам жерді тарту. Бүгінде бұл сұрақ экономиканы модернизациялау Комиссиясының қарауына дайындалып жатыр, таяу арада шешімі шығады. Алдын ала барлық материалдар өңделген.
2. Бүгінде қарқынды өсіп жатқан «Көк Жиек» пен «Кемел» тұрғын үй массивтері жанындағы газтаратушы станция мен магистралды газ құбырларын қала сыртына шығару. Осылайша екі мәселе шешілер еді. Бір жағынан, Жетісу ауданында 40 мың тұрғынның наразылығын туғызып отырған ауаға тұрақты түрде таралып жатқан газ тоқтайды да, соның есебінен экология бірден жақсарады. Екіншіден, 100 га-дан астам аумақ босайды, оны тұрғынүй мен әлеуметтік нысандар және тұрақ аумағын салуға пайдалануға болады.
3. Алматының Индустриалды аймағын кеңейту турасындағы мәселені шешу үшін бізге қолдау қажет. Себебі бізге индустриалды аумаққа қажет жерлерді босату керек зоны (қосымша 190 га). Ал бұл мемлекеттік қажеттілік үшін Жер туралы кодексті өзгертуді қажет етеді.
4. Инфрақұрылымды дамыту.
Атап айтқанда:
• «Алмагүл» және «Тұздыбастау» шағынаудандарында қосымша 100 мыңнан астам адамға шақталған 850 мың. ш.м баспана салу жоспарлануда. Бұл шағынаудандарды тоқтаусыз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2 шағын электр станцисын салу қажет, оның жалпы құны 19,8 млрд.теңгені құрайды.
• Қала шетіндегі 110 мың тұрғыны бар 23 шағынауданды орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету үшін Ақсай және Қарғалы тоғандарын салу керек.
• Транспорт мәселесін шешу. Бүгінде Үкіметтің қолдауымен қалада 3 жолайрық салынып жатыр (Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров, Рыскулова даңғылы –. Емцов көшесі, Бухтарминска – Құлжа тракті) және 3 көшені тесіп өту (Абай даңғылы 2 учаске, Сайын көшесінен Ақын Сараға дейін). 2020 жылғы республикалық бюджеттен 28,6 млрд. теңге қажет.
• Қала сыртына қатынайтын электрпоездарды дамыту. Бүгінде ҚТЖ-мен электр пойыздарына арналған теміржол салу туралы келісім шарт бар. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» Қорына әкімдікпен бірге осы өте маңызды әлеуметтік жобаны жасап, оны кезеңімен жүзеге асыру қажет.
• Осы күнге дейін ешқандай қорғаныш ғимараты жоқ Аюсай мен Ақсай өзендеріне селге қарсы су бөгетін салу.
5. Экология. 2018 жылы қоршаған ортаға лас қалдықтар тастау 123 мың. тоннаны құраған, оның ішінде ЖЭЦ-2 үлесі 27%-ды құрайды . Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ аталған станцияларды газға көшірудің техникалық-экономикалық негіздемесін жасап жатыр. Жобаны жүзеге асыру ауаға зиянды заттарды шығару үлесін 17 есеге азайтар еді.
6. Студенттер жатақханасы желісін тұрғызу. Бүгінде нақты қажеттілік 30 мың орынды құрайды. Білім және ғылым министрлігіне бұл сұрақты әлі зерттеу қажет.