Ұлттық теңге нығайды

24.09.2018 18:54

KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 352,9 теңгеге дейін нығайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

24 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 355,5 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны -  352,3 теңге. Сауданың жалпы көлемі 84 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау орындарында ұлттық валюта 350,9-356,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақыты бойынша сағат 11.13-те Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 79,8 доллар. 



Теги: курс