KASE қор биржасы мен ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

02.06.2020 19:04

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 402,79 теңгеге тең болды

Фото: stv.uz

KASE қор биржасы мен ақша айырбастау орындарында доллар арзандады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2 маусымдағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 402,79 теңгеге тең болды. 1 маусымда бұл көрсеткіш 408,56 теңге болатын.

Осылайша Алматыда доллар 404-406 теңге аралығында саудаланып жатыр, ал кейбір жерде 409 теңгеден сатылып жатыр екен.