Энергетика министрлігі автогаз мәселесіне қатысты жауап берді

28.05.2023 19:04

Еліміздің ішкі нарығының сұйылтылған газға деген ай сайынғы сұранысы 145 мың тоннаны құрайды

baq.kz

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі автогазға қатысты жағдайға шағымданған алматылықтарға газдың жеті күнге жетер қоры барын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«2023 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша еліміздің ішкі нарығының қажеттілігіне шамамен 137 мың тонна сұйытылған мұнай газы таратылды. Қазіргі уақытта барлық мұнай өңдеу зауыттары/газ зауыттары қалыпты жұмыс істеп тұр. Еліміздің ішкі нарығының сұйылтылған газға деген ай сайынғы сұранысы 145 мың тоннаны құрайды. Алматы қаласының қажеттіліктері үшін сұйытылған газ күн сайын «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауыттарынан тасымалданады. Бүгінде қаланың жеті күндік қоры бар»– деп Энергетика министрлігінде ҚазТАГ агенттігінің сауалына жауап берді.

Автокөлік газ толтыру станцияларының (АГЗС) кез келгенінде жанармай жеткізуге шектеулер болған жағдайда, департамент «ГҚС-ға қосымша түсініктемелер беруді» ұсынады.

«2022 жылы сұйытылған газды тұтыну көлемі 400 мың тоннаға немесе 28%-ға өсті. Бүкіл Қазақстан бойынша тұтыну жылына 1,8 млн тоннаны құрайды», деп толықтырды министрлік.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны Александр Суворов әлеуметтік желіде қалада «автогаздың масқарасы» қашан тоқтайтынын сұраған жазбасын жариялаған болатын. Ол «Екінші ай болды жанармай құю бекеттерінде жанармай жоқ», «Барлық жерде «Газ жоқ» немесе талонмен жазылған жазулар бар» деп жазды.