Іс-шараға 21 мемлекеттің қаржыгері қатысты
Алматыда қазынашылық қауымдастықтардың пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға Еуропа және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен 21 мемлекеттің қаржыгері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәжілістің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу. Айта кетейік, PEMPAL мен PEMNA қауымдастықтары – мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы құнды платформа. Бүгінде еліміздегі қазынашылықта заманауи ақпараттық технологиялар қолданылады. Десе де, бұл сала үнемі жетіліп, дамуды талап етеді.
– Тәжірибе ақпараттық жүйелердің дамуы, тәуекелдерді басқару және тағы да басқа салаларды қамтиды. Қазынашылық қызметтерінің барлық мемлекетте мақсаты – бір. Ол – мемлекеттік бюджеттің басқарылуын қамтамасыз ету және мемлекеттің қаржысын алушыларға жеткізу, – деді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.