Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі әзірленді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Биылғы бірінші жартыжылдықта геосаяси жағдайдың нашарлауы салдарынан құбылмалылық пен тәуекелдер артты. Осындай жағдайда біз қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдадық. Бірінші, нарықтарда бұрын-соңды болмаған өзгерістерге толы оқиғалар кезінде Ұлттық банктің жедел шаралары қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Біз теңге бағамының шектен тыс ауытқуын шектей отырып, оның инфляцияға ауысуын тежедік. Екінші, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және теңгедегі активтерді сақтау үшін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы қабылданды», - деді Ұлттық банк төрағасы. 

Оның атап өтуінше, үшіншіден, нарықтардағы құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық қор мен зейнетақы активтерінің ұзақ мерзімді кезеңдегі кірістілігі оң күйінде қалып отыр. «Төртінші, биылғы жылғы сәуірден бастап Үкіметпен бірлескен жұмыс аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздары FTSE Frontier ЕМ Government Bond индексіне енгізілді. JP Morgan дамушы нарықтардың мемлекеттік бағалы қағаздарының индексіне енгізу үшін елдің мемлекеттік бағалы қағаздарын «жіті бақылауға» алды. Бесінші, 1 шілдеден бастап Ұлттық банк Лездік төлемдер жүйесін және Төлем карточкаларының банкаралық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қосты. Пайдасы мен шығасыларын бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі әзірленді», - деді Ғалымжан Пірматов.

Новости партнеров