Жиында геологиялық барлаудағы жаңа жобаларды іске асыру жайы сөз болды
Қазақстандағы мұнай-газдан түсетін табыс ел игілігі үшін жұмсалады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов саланы дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиында геологиялық барлаудағы жаңа жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Үкімет басшысы еліміздегі ірі жобаларды іске қосудың маңызына тоқталды, оның ішінде Атырау облысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін мұнай-химия зауыты және құрылысы басталған 3 газ өңдеу зауыты бар. Бутадиен және полиэтилен шығаратын өндіріс ошақтарын салу перспективалары талқыланды. Үкімет инвестиция тартуға жағдай жасай отырып, геологиялық барлау жұмыстарын қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр деген Үкімет басшысы компанияларға тереңдеу жатқан жерлерді зерттеуді белсенді жүргізуді ұсынды.
Оқи отырыңыз: Алматыда білім беру саласын қаржыландыру ұлғайды