|
18.11.2023 | 14:15
908

Қазақстанда жылына қанша тонна көмір өндіріледі

Елімізде болжамды көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды

Қазақстанда жылына қанша тонна көмір өндіріледі Сурет: elements.envato.com

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев еліміз үшін көмірдің маңыздылығын атап, Қазақстандағы болжамды көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайтынын жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Азамат Панбаев "Қазөнім 2.0" халықаралық форумы аясындағы көмір өнеркәсібінің өзекті мәселелеріне арналған сессияда сөйлеген сөзінде аталған сала электр энергиясының 70%, кокс өндіру қуатын және тұрмыстық сектор мен халықтың отынға қажеттілігін толық қанағаттандырып отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 91,3 млн тоннаға жуық көмір өндірілген.

Панбаев жаңа жобаларды жүзеге асыруда көмірді пайдалану мүмкіндіктері кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, жаңа зауыттарға салынған инвестицияның мысалдарын келтірді, мысалы, қуаттылығы жылына 400 мың тонна арнайы кокс шығаратын зауытты "Шұбаркөл Көмір" компаниясымен іске қосу және "Богатырь Көмір" ЖШС циклдік ағынды көмір тасымалдау технологиясын енгізу бойынша бірегей жоба барын айтты.

Сондай-ақ комитет төрағасы 8 жобаны іске асыруды қамтитын отын-энергетика кешенін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасымен таныстырды және жаңа энергоблоктар мен жылу электр стансаларын салу бойынша жоспар бар.

Ол көмір химиясына көшуге бағытталған өндіруші компаниялардың даму стратегиясы 2029 жылға қарай 117 миллион тоннаға дейін артатынына сенім білдірді. 

Мұнай бағасының тұрақты өсуіне және әлемде көмірді терең өңдеу бойынша жұмыстың күшейтілуіне байланысты Азамат Панбаев министрлік алдында, елдің  өнімге сұранысын қанағаттандыру үшін өнеркәсіпті дамыту және терең кешенді өңдеуге көшу бойынша жаңа міндет тұрғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматы ЖЭО газ инфрақұрылымына ауысты: 17 қарашадағы маңызды оқиғалар

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир