Кәсіпкерлер ортақ заңнамада бірқатар мәселені анық көрсетуді сұрайды. Бизнесті қолдауды талап еткен көпшілік талаптың нақты болғанын қалайды. Саладағы бірізділіктің болмауы бизнестің кері кетуіне әсер етеді. Күні кеше Алматыда осындай сұрақтарды ортақ талқыға салған мамандар мәселені шешудің жан-жақты жолын қарастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәсіпкерлерден бөлек, санитарлық қызмет пен прокуратура өкілдері қатысқан жиын әлі бірнеше отырысқа жалғасып, тиісті органдарға сұрау жолданады.
– Санитарлық құрылымдар барлығына штраф салып тастайды. Естіп отырсыздар ғой, 500 мың теңгеден астам штраф салып отыр. Кәсіпкерлердің құқықтарына елеулі нұқсан келетін болғандықтан, біздің назар аударғанымыз орынды деп отырмын, – деді «Атамекен» ҰКП Алматы филиалының құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Мейрамбек Қаныбеков.