Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші Жолдауында экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын», – деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Еске сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен мен өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) July 10, 2020