Сенбіде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуі өтті
Сенбіде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуі өтті, оған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ноғаев атап өткендей, ағымдағы келісім әлемдік мұнай индустриясына оң әсер етіп, қойма тауар іркілуі болмағанын, ол өз кезегінде мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне серпін бергенін атап өтті», - делінген хабарлама.
Кездесу барысында тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррель деңгейінде қысқартуды шілде айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады.
Қазақстан тарабы бұл шешімге қолдау білдірді.