1,2 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар сақтаулы – министр

16.03.2020 19:35

Бүгіннен бастап Үкімет, Мәжіліс пен Сенат отырыстары жабық форматта өткізіледі

Otyrar.kz

Азық-түлік тауарының 29 түріне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бұл туралы бүгін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мәжілісте өткен үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір ай уақытта халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қалай болмақ?

Бүгіннен бастап Үкімет, Мәжіліс пен Сенат отырыстары жабық форматта өткізіледі.  Сондықтан Мәжілістегі үкімет сағатын  онлайн қарауға тура келді. Онда Қазақстан коронавирусты өткеруге қаншалықта сақадай сай екені, ет, ұн мен картоптың қоры қаншалықты жеткілікті екені талқыланды. Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жарты жылға жетеді. Еліміз ішкі нарықты негізгі өнімдермен 80 пайызға қамтамасыз етуге қауқарлы. Бұдан бөлек, министрлік негізгі азық-түлік тауарларының 29 түрі бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Бұны Мәжілістегі үкімет сағатында Ауыл шалуашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Министр негізгі азық-түлік тауары ұн үш миллион тонна өндіріледі. Бұл ішкі тұтынуды 204 пайызға дейін жабады деді. Күріш 144 мың тонна, ол тұтынуды 190% пайызға жабады. Макарон өнімдері 165 мың тоннаға өндірілгенімен, 150 мыңы тұтынылады. Картоп, тауық жұмыртқасы, күріш, қой еті, картоп, ұн, макарон сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тұрақты деңгейде және үнемі бақылауда. Қазір өңірлік тұрақтандыру қорларында 1,2 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар сақтаулы. Бұл шамамен жарты жылға жеткілікті деді министр. Сондықтан дүрлікпе шығармаған абзал дегенді алға тартты. Ал егер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз өсіру фактілерін байқасаңыз +7 7172 74-96-71 желісіне хабарласып шағым қалдыруға болады.