|
19.05.2022 | 17:05
4397

Қазақстанда темекі өнімдерінің бірі қымбаттайды

Шамамен темекінің 1 қорабының акцизі 300-350 теңге шығады

Қазақстанда темекі өнімдерінің бірі қымбаттайды novopokrovskaya.bezformata.com

Қазақстанда темекі қымбаттайды. Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтің айтуынша, екі жылдың ішінде шылым акциздері 35 еуроға дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1000 дана шылымның акцизі шамамен 16 мың теңге болады. Сондай-ақ, қазіргі кезде үкіметте құрамында қанты бар сусындардың акцизін көтеру мәселесі талқыланып жатыр.  

«Шамамен темекінің 1 қорабының акцизі 300-350 теңге шығады. Ал сусындардың акциздер мөлшерлемесі бойынша бір келісімге келген бойда міндетті түрде хабарлаймыз. Сосын Парламентке келеміз. Бұл мәселе талқыланып жатыр. Бұл бір жағынан халықтың денсаулығын сақтау үшін қажет, екінші жағынан кәсіпкерлерге салмақ түспеуі керек», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаев зиянды ойыншықтар Қазақстанға контрабанда арқылы жеткізілетінін айтты. Оның айтуынша, елге тасымалданып жатқан кез келген тауар кедендік бақылауда радиациялық тексерістен өтеді.

«5 мемлекет бар, ЕАЭО, осы мемлекеттер арасында кедендік бақылау жүргізілмейді. Басқа мемлекеттер арқылы өтіп кетіп жатса, мұндай фактілер болуы мүмкін екенін жасырмаймыз. Бірнеше жыл бұрын сондай фактілер болған. Бұл тұрғыда қазір тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе бақылау күшейтілген», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир