Оларға бір реттік төлем немесе рекрутингтік агенттіктер қызметі ұсынылады
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы орталық аппарат қызметкерлерінің 34%-ін қысқартады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бизнес-процестер оңтайландырылады. Дағдарысқа байланысты өзектілігі жойылған жобалар мен шараларды жүзеге асыру жоспары қайта қаралып жатыр. Орталық аппарат қызметкерлерінің санын 729-дан 480-ге, яғни 34 процентке қысқарту туралы шешім қабылданды», – деп жазылған ұлттық компанияның сайтында.
Оларға бір реттік төлем немесе рекрутингтік агенттіктер қызметі ұсынылады. Компания есебінен саланың өзге бағытына оқыту мүмкіндігі де қарастырылған.
Компанияның жаңа құрылымы
· - геология, барлау және өңдеу блоктарын біріктіріледі. Геология және барлау жөніндегі төраға орынбасары қызметі жойылды;
· - басқару деңгейлері қысқартылды (енді 22 басқарушы директор позициясы болмайды);
· - департамент саны үш есеге қысқарады.
«Біз көптеген функциядан бас тартамыз. Еншілес компаниялармен байланыс алгоритмін қайта қарастырамыз. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға ден қойылады», – деді басқарма төрағасы Әлік Айдарбаев.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық оператор.
Акционерлері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (90%) және Қазақстанның ұлттық банкі (10% + 1 акция).