Бұған дейін жылжымайтын мүлік саласындағы операция көлемі өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәні 37,7%-ға өскен
Қазақстанда бір айда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,5% өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
«Бір айда (2021 жылғы наурыз 2021 жылғы ақпанға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды»,–делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін жылжымайтын мүлік саласындағы операция көлемі өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәні 37,7%-ға өскені туралы хабарлаған болатынбыз.