Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобасы сенатта осы жылдың желтоқсан айында мақұлданды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет кодексіне өзгертулер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобасы сенатта осы жылдың желтоқсан айында мақұлданды.
Заң жобасы бюджеттік заңнама мен бюджеттік процедураларды жетілдіру мақсатында әзірленген және мынадай мәселелерді шешуге бағытталған:
• стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру;
• бюджет қаражатының экономикалық қайтарымын арттыру;
• бюджеттік жоспарлау сапасын күшейте отырып, мемлекеттік органдардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыру.
Айта кетейік, мұндай шешімдер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шегін анықтау тәсілдерінің өзгеруін қамтамасыз етеді; мемлекеттік органдар бюджеттік өтінім шеңберінде бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға шығындардың экономикалық тиімділігін бағалайды; шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ғана есептеумен бюджеттік өтінімдерді енгізуді және тағы басқаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.