«Астана банкі» салымшылары өз қаражаттарын 26 қаңтардан бастап ала алады

21.01.2019 19:48

2019 жылдың 26 қаңтарынан бастап «Еуразиялық банк» АҚ агент банкі арқылы «Астана банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау басталады, деп хабарлайды kdif.kz.

«2018 жылдың желтоқсан айының басындағы жағдайына ҚДКБҚ-ның кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған қаражаттың жалпы сомасы 773,7 миллиард теңгені құрайды.

«Астана банкі» АҚ-ның барлық салымшыларына төлеу үшін 37,3 миллиард теңге көлеміндегі сома талап етіледі. Бұл ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасынан 4,8%-ын құрайды. Яғни, «Астана Банкі» АҚ салымшылары ақшалай қаражаттың жеткілікті көлемінің бар екенін және ҚДКБҚ-ның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкідегі арнайы шотта 40 миллиард теңге көлеміндегі ақшаны алдын-ала резервке қойғандығын түсінуі тиіс. Бұл ақша «Астана Банкі» АҚ-ның әрбір 275 мың салымшылары алдындағы міндеттемелердің толық көлемде төлем жүргізу үшін агент банкке аударылатын болады», - делінген хабарламада.

«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау мен өтемақының төленуі «Еуразиялық банк» АҚ филиалдары мен бөлімшелерінде жүргізілетін болады.

«Еуразиялық банк» АҚ-да өтініштерді қабылдау мен өтемақының төленуі 2019 жылдың 26 қаңтар күнінен басталып 2019 жылдың 26 шілде күніне дейін жалғасатын болады. Бұл кезең ішінде «Астана банкі» АҚ салымшылары төлемді алу үшін агент банктің кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Кепілдік берілген өтемді бірі қалмастан, «Астана банкі» АҚ-ның барлық салымшылары алатын болады», - делінген баспасөз қызметінде.

Агент банктің барлық қалалардағы филиалдар мен бөлімшелерінің мекенжайларын «Еуразиялық банк» АҚ-ның ресми веб-сайтында: www.eubank.kz және агент банктің анықтама қызметінде білуге болады: +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722, +7 (700) 000 7722, +7 (702) 010 7722.