Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 390 теңгеге сатылуда

01.10.2019 19:51

KASE қор биржасының саудасында Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 388,38 теңгеге тең болды

Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 390 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шетелдік валюта бағамы 388,8-390,5 теңге. 7 тамызда да осы көрсеткіш тіркелген еді.  KASE қор биржасының саудасында Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 388,38 теңгеге тең болды.

30 қыркүйекте бір доллар - 387,99 теңге болған еді.  

1 қазанда таңғы сауданың бірінші келісімі 388,3 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 388,48 теңге. Сауданың жалпы көлемі 525,75 миллион долларға жетті.


Теги: курс