Қазақстан мен Тайланд қандай инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

15.08.2024 19:54

Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 367 млн долларға жеткен

Almaty.tv

Қазақстан мен Тайланд бірлесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Тайланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары Пхамтум Вечайячаймен кездесіп, сауданы дамытуға, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастыққа, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және қазақстандық өнім экспортын ұлғайтуға қатысты мәселелерді талқылады. Олжас Бектенов Қазақстан ет, көкөніс пен жеміс, дәнді дақылдар, ұн өнімдерін, өсімдік майларын экспорттауға мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейін, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 367 млн долларға жеткен. 

Оқи отырыңыз: Мұнай-газдан түсетін табыс ел игілігі үшін жұмсалады - Олжас Бектенов