Елімізде мұнай нарығында өзара бәсекелестік жоқ – Рустам Ахметов

29.03.2022 19:55

Ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай бағасын жасырын реттеу қолданылады

Almaty.tv

Елімізде мұнай өнімдері нарығындағы негізгі қатысушылар арасында бәсекелестік жоқ. Ол туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Оның айтуынша, ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай бағасын жасырын реттеу қолданылады. Ол енді қара алтынды елге жеткізу көлеміне мемлекеттік реттеу енгізілетінін мәлімдеді.

«Бұл бағалардың тұрақтылығын және нарықтағы баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бірінші кезеңде тәуелсіз компаниялар өндіретін 5-10% көлемінде мұнайды биржада өткізу және мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығын 30%-ға дейін ұлғайту ұсынылады. Бұл тәуелсіз жеткізушілерді дамыту үшін қажет», - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов


Теги: нарық