Елімізде 1 жылда қанша тонна алтын өндіріледі

 elements.envato.com
elements.envato.com
Он жылда Ұлттық банк 550 тонна бағалы металл сатып алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы 10 жылдың ішінде Ұлттық банк қорына 550 тонна тазартылған алтын сатып алынды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- 2011 жылға дейінгі елде өңделген барлық алтын сыртқа шығарылған. 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін алтынды экспорттауға уақытша шектеу қойылды. 2011-2015 жылдары 229,62 тонна көлемде өңделмеген алтын алынды. Оның ішінде 64,24 тоннасы экспортқа шығарылды. Ал шамамен 110 тонна тазартылған алтын Ұлттық банкке өткізілді, - деп жауап берді министрлік.

Ведомство мәліметінше, «Бағалы метал мен асыл тастар туралы» заңға сәйкес, 2016 жылдан бастап Ұлттық банк аффинирленген алтынды сатып алуда басым құқыққа ие болған.

- 2011-2022 жылдар аралығында Ұлттық банктің қорына шамамен 550 тонна тазартылған алтын сатып алынды. Елімізде жыл сайын шамамен 1 мың тоннадан астам күміс өңделеді. Оның 990 тоннаға жуығы экспортталады, - деп атап өтеді министрліктен.

Оқи отырыңыз: Мемлекет фермерлерден бидайды қай бағамен сатып алады

Новости партнеров