Қосымша құн салығының базалық ставкасы 12%-дан 16%-ға дейін көтеру ұсынылады
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенатта министрлік ҚҚС мөлшерлемесін көтеруді және КТС ставкасын дифференциялауды жоспарлап отырғанын, оған қоса жеке табыс салығын арттыру ұсынылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әлібек Қуантыров Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығы мен жеке табыс салығын қайта қарауды жоспарлап отырғанын айтты. Қазір құжат әзірленіп жатыр.
- Қосымша құн салығының базалық ставкасын 12%-дан 16%-ға дейін көтеру ұсынылып отыр. Мөлшерлеменің көтерілуі бюджетке 2-2,4 трлн теңге көлемінде қосымша түсім әкеледі. Мұны Республикалық бюджетке Ұлттық кепілдендірілген трансферттердің көлемімен салыстыруға болады. Қосымша түсімдер трансферттердің көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша біз Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтеміз. Бұл - өте маңызды міндет. Біз Ұлттық қорды болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек. Сонымен қатар негізгі экономикалық серіктестермен салыстырғанда ҚҚС ставкасының төмен болуы елдерден Қазақстанға тауар экспорттауды тиімді етеді. ҚҚС ставкасын көтеру бірінші кезекте импорт тауарларға жүктемені арттырады, - деді министр.
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Қазақстанда отандық азық-түлік өнімдерін өндіру және өңдеу үшін ҚҚС салық салудың қолайлы жағдайлары жасалған. Ол бөлшек саудада ҚҚС төлеуден босатуды қарастыратын салық режимін қолданатынын атап өтті. Бұл жеңілдіктер сақталады, деп уәде етті Ұлттық экономика министрі.
Сонымен қатар Әлібек Қуантыров корпоративтік табыс салығының ставкасын саралау ұсынылып отырғанын атап өтті.
- Шикізат және қаржы секторы, сонымен бірге ойын бизнесі үшін КТС мөлшерлемесін 25-30%-ға дейін арттыруды қарастыру ұсынылып отыр. Сонымен қатар залалды аудару шарттарын теңестіру мәселесі бойынша жұмыс істеліп жатыр. Талап қою мерзімі бес жылға дейін. Шығындарды аудару мерзімі салық төлеушінің өтініші бойынша 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, ал талап қою мерзімі осы мерзімге ұзартылады, - деп түсіндірді ҰЭМ басшысы.
Тағы бір жаңалық ЖTС-қа (жеке табыс салығы) қатысты болады.
- Еңбекақыдан алынатын табыс үшін жеке табыс салығының ставкасын жылына 480 ең төменгі жалақыдан жоғары мөлшерінде арттыру ұсынылады. Сонымен қатар жеке табыс салығын үш жылдан астам акцияларға иелік еткенде дивидендтер мөлшерлемесі 5% және акцияларды үш жылдан кем ұстаған кезде 15%, сонымен қатар сыйақы және құнын ұлғайту – 10% деп белгілеу ұсынылды, — деді Әлібек Қуантыров.
Оқи отырыңыз: Негізсіз салық төлеген кәсіпкерлерге ақшалары қайтарылды