Депутат дерегінше, Қазақстанның сыртқы қарызы ішкі жалпы өнімнің 25 пайызына жеткен
Шетелдік инвестициялардың ашықтығын тексеру қажет. Сырттан келіп жатқан қомақты қаржының жасырын, не жасырын еместігін анықтауды мықтап қолға алу керек. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдап, инвестицияға қатысты заңды қайта қарастыру керек екенін айтты. Депутат дерегінше, Қазақстанның сыртқы қарызы ішкі жалпы өнімнің 25 пайызына жеткен. Халық қалаулысы «берешек алда тағы өсуі мүмкін» деп алаңдайды.
– Шетелден басқа бір мемлекеттің инвестициясы ретінде Қазақстанға қайтып келетін болса, біріншіден, ол қаржыны жымқырған қылмыстық жауапкершіліктен құтылады. Екіншіден, ол –Қазақстанның қаржысы. Басқа шетелдің бақылауында және сол мемлекеттің аясында болады. Сондықтан инвестицияны Қазақстанға тартқанда өте мұқият болуымыз керек, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Ерлан Саиров.
Оқи отырыңыз: Президент Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды