Қазақстан мен Түркия арасындағы жүк тасымалдау көлемі артады

18.04.2024 20:01

Түркияның Қазақстанға салған тікелей инвестициясы 5 млрд долларға жеткен

Almaty.tv

Қазақ-түрік арасындағы алыс-беріс, барыс-келіс жандана түседі. Бүгін жоғары палата қос ел арасында жүк көлемін арттыратын құжатты мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бастама Қазақстан мен Түркия шекарасында теміржол және су көлігімен тасымалданатын тауар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тараптар Каспий теңізінде тұрақты жол-паромдық операцияларды жүзеге асырады. Алдағы уақытта Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту қолға алынбақ. Бүгінде Түркияның Қазақстанға салған тікелей инвестициясы 5 млрд долларға жеткен. Көрсеткішті қысқа мерзім ішінде 10 млрд долларға жеткізу жоспарланған.

– Аталған келісім түрлі көлікті пайдалана отырып, халықаралық жүк тасымалын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы транзиттік және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісім мемлекеттерді байланыстыратын теміржол желілерінде, оның ішінде халықаралық контейнерлік блок-пойыздар үшін тиісті байланыстар мен транзиттік қызметтерді ұсынуды қарастырады, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлібек Нәутиев.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жолға шығады