Экономикалық шараларға қарамастан акциялар құлдырап жатыр

© AP Photo/Eugene Hoshiko
© AP Photo/Eugene Hoshiko
Кей сарапшылардың ойынша, нарықтағы құбылмалылық біразға дейін сақталуы мүмкін.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапонияда экономикалық шараларға қарамастан акциялар құлдырап жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Nikkel 225 индексі 3,84%-ын жоғалтты. Topix 4,37%-ға кеміді. Softbank Group конгломератының құнды қағаздары 7,74%-ға құлдырады.  Басқа азиялық нарықтардағы жағдай көңіл көншітіп отырған жоқ. Ол алаңдарда да көрсеткіштер төмендеуде. 

Мысалы, оңтүстіккореялық Kospi 2,44%-ға, гонконгтік Hang Seng индексі 2,02%-ға түсіп кетті. Shanghai Composite болса, 1,17%-ға төмендеді. MSCI Asia ex-Japan 5%-ға құлдырады.  Оң көрсеткішке ие болып отырған тек австралиялық ASX 200  индексі: 2,14 пайызға көтерілді. 

Азиялық инвесторлардың назары қазір Covid-19  пандемиясында. Соңғы мәлімет бойынша, науқастардың саны 720 мыңнан, ал қаза тапқандардыкі 30 мыңнан асып кеткен. Кей сарапшылардың ойынша, нарықтағы құбылмалылық біразға дейін сақталуы мүмкін.



Новости партнеров