Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына қолдау көрсетпек

Фото bnews
Фото bnews
Бұл Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болуына септігін тигізбек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына жеке өзі қолдау білдіреді. Бұл туралы бүгін Тұңғыш Президент-Елбасы  орталыққа барғанда айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елбасы ЭКСПО көрмесінен қалған дүниелермен танысып, қаржы орталығы Биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті. Шет елдің капиталы экономиканың өсу қарқынын 7 пайызда ұстап тұруға мүмкіндік береді және Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болуына септігін тигізбек.

«Жекешелендіру жоспарын АХҚО биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Әрине, әлемдік нарық ахуалын ескерген жөн. Сонымен қатар, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімін күшейту керек. Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері осыған байланысты», – деді ҚР Тұңғыш  Президенті - Елбасы Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕВ.  

Новости партнеров