Мәселе толық анықталмағандықтан тұрғындар су, жарық және жылуға артық төлеуде
Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының су, жарық және жылу тарифтерінің бағасы неге жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.
«Тұрғын үй қорын ұстау мәселелерін қарадық. Жедел шешетін маңызды мәселенің бірі — қаланың барлық аудандарындағы иесіз коммуналдық желілер. Бұл мәселе толық анықталмағандықтан тұрғындар су, жарық және жылу үшін тарифті асыра төлеуде. Сондықтан Масабаевқа (энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы) жыл аяғына дейін «Алматы су» МҚК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баланстарына барлық иесіз желілерді беруді тапсырдым. Тұрғындар қала қызметтерінің селқостығы немесе немқұрайлылығы салдарынан зардап шекпеулері тиіс», - деп жазды қала әкімі Facebook парақшасында.