2023 жылы Алматы экономикасына 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мегаполисте жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәселен, 2023 жылдың 11 айында негізгі капиталға 19,9% өсіммен 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.
Сонымен қатар атап өтілгендей, жеке инвестициялардың өсімі 30,3%-ға дейін жеделдеді.
- Инвестициялар құрылымында IT-секторды 7,3 есеге, денсаулық сақтауды 3,7 есеге, өңдеу өнеркәсібін 19,2 пайызға және туризмді 2 есеге дамытуға баса назар аударатын сапалы өзгерістер бар, - деді Алматы әкімі.
Жоғары инвестициялық белсенділік пен экономиканың серпінді дамуы биылғы 8 желтоқсанда Fitch Ratings тарапынан Алматының кредиттік рейтингін «ВВВ» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растауға мүмкіндік берді.
Оқи отырыңыз: Алматыда автобустарды уақытша сақтау орны жойылады