Қазақстанда жаңа кен орны табылды

25.02.2021 21:20

Жаңа кен орнына аты аңызға айналған барлаушы-геолог, бас мұнайшы Халел Өзбекғалиевтің есімі берілді.

egemen.kz

Маңғыстау облысында ірі мұнай кен орны табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа кен орны бірден екі ауданның – Маңғыстау мен Бейнеудің аумағында орналасқан Тепке учаскесінде болып табылады. Оған жақын маңда бұрыннан белгілі Қарақұдық, Арыстановшы және Комсомолшы сынды кен орындары бар.

Зерттеу талдаулары бойынша, мұндағы мұнай - жеңіл, стандартты әдістермен шығаруға қолайлы. Көмірсутектер қоры ұңғыма құрылысы мен игеру жұмысы аяқталған соң есептелетін болады. Жаңа кен орнына аты аңызға айналған барлаушы-геолог, бас мұнайшы Халел Өзбекғалиевтің есімі берілді.

Толық көрсету