Ауыл шаруашылығы саласында құны 2,7 трлн теңгенің инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министрлер конференциясы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа инвестициялық жобаны іске асыра бастады. Жоба 5 жылға арналған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап. 

 - Бүгінгі конференцияда ТМД министрліктері деңгейінде еліміздің инвестициялық ахуал мен ерекшеліктері туралы тұсаукесер жасалды. Ал жалпы бизнестік ұсыныстар мен жобаларды мемлекеттер өзара B2B кездесу өткізу арқылы іске асырады. Елімізде 800-ден астам инвестициялық жоба қолға алынды. Жобаның жалпы құны 2,7 трлн теңге және ол 5 жыл бойы іске асырылады. ТМД елдерінің бизнес өкілдері инвестициялық жобаларға қатысамыз десе, біз ашықпыз, барлық қолайлы жағдайды жасауға дайынбыз, - деді Ербол Тасжүреков

Вице-министрдің айтуынша, жоғарыда аталған инвестициялық жобалардың ішінде мал шаруашылығы, өсімдік саласы мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру де бар.

Бүгін Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министрлер конференциясы өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстан бензин ең арзан 5 елдің қатарына кірді

Новости партнеров