Алматыда кәсіпкерлерге 1,2 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі

28.04.2022 20:15

Бұл туралы Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

ашық дереккөз

Алматыда бизнес ашу үшін кәсіпкерлерге 1,2 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге «Алматы бизнес» қалалық бағдарламасы аясында біз жылдық 2%-бен қаржыландыруды қарастырдық. Бизнес ашу үшін 1,2 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар беріледі», – деді Досаев.

Оның айтуынша, жастарды қолдау үшін (жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы) жастар практикасы бойынша жалақы 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейіп, биыл 122,5 мың теңгені құрады.