Өсімпұл көлемі – 1,3 миллиард теңге
Алматыда 117 мыңнан астам тұрғынның салықтан қарызы бар. Өсімпұл көлемі – 1,3 миллиард теңге. Рақымшылық арқылы дәл осы сома кешіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық туралы заңға сәйкес, салық бойынша берешегі бар азаматтар негізгі берешек сомасын төлеген жағдайда, өсімпұлдардан құтылады. Бұл көлік, жер және басқа да салықтарға байланысты.
«Жеке тұлғалар салық органдарына келуі керек па деген сұрақ туындауы мүмкін. Қажет емес. Олар өздерінің салықтан қарызының негізгі сомасын төлеген жағдайда бұл туралы мәлімет автоматты түрде жеке тұлғаның дербес шотында пайда болды. Оны салық органдарының қызметкерлері күнделікті бақылап отырады», – деді Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті Бейрезиденттерге салық салу басқармасының басшысы Талғат БАЙСЫН.