Ұлттық банк тарапынан теңге бағамына қатысты болжам жасалмайды

Sputnik
Sputnik
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экономикалық саладағы субъектілер тарапынан валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс бойынша ақпараттың елеулі ашықтығы қамтамасыз етілуі керек. Бұндай пікірді Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңге бағамына тоқталсақ, Ұлттық банк алдағы уақытта да еркін айырбас бағамы режімін ұстанады. Өздеріңіз білесіздер, бұл тұрғыда Қазақстан қор биржасында валютаға сұраныс пен ұсыныс негізінде бағам қалыптасады. Сондықтан банктер мен олардың клиенттері тарапынан валютаға ұсыныс пен сұраныстың ашықтығын қамтамасыз ету маңызды», - деді Ж. Құрманов тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бірінші кезекте валюта нарығында Ұлттық қор қаржысы қандай жолмен қайта конверсияланатындығы туралы, сондай-ақ нарықтың болжамдығы бойынша квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары валюта нарығына қалай шығатындығы турасында ақпаратты ашу үшін мемлекеттің тиісті шараларды қабылдауы өте маңызды болып тұр.

«Ұлттық банк тарапынан теңге бағамына қатысты белгілі бір болжам немесе жорамал айтылмайды. Осы тұрғыда еркін айырбас бағамы режімі аясында экономикалық қызмет субъектілері тарапынан валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс  бойынша ақпараттың елеулі ашықтығын қамтамасыз ету керек», - деді Жанат Құрманов.

ҚР ҰБ өкілі мереке алдындағы теңге бағамындағы ауытқуларға түсінік берді.

«Мереке қарсаңындағы бағаға тоқталсақ, оның өсімі негізінен жекелей пунктерде байқалды. Қазақстан қор биржасында таңертеңгілік сессия ашылған кезде бағам айтарлықтай тұрақты болды. Белгіленген күндері валюта ұсынысы жеткіліксіз болған жағдайда бағамның ауытқуы болатыны түсінікті», - деді ол.


Новости партнеров