Министр мен әкімдер 37 миллиард теңге игермеген

12.04.2022 20:45

Жанар-жағармай экспортына тыйым салу мерзімі ұзартылады

Ашық дереккөз

Министр мен әкімдер 37 миллиард теңгені игермеген. Бұл туралы Үкімет сағатында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Игерілмеген қаржының ең көп бөлігі Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер және экология, Геология және табиғи ресурстар министрліктеріне тиесілі.

«Игерілмеудің негізгі себептері, келісімшарт жасау рәсімдерінің ұзаққа созылуы, төлемді растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынбауы, қазынашылық органына төлем үшін шот-фактураларды уақтында бермеу», – деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Елімізде жанар-жағармай экспортына тыйым салуды тағы да жарты жылға ұзарту көзделіп отыр.

«Бензин, дизель отынын және мұнай өнімінің басқа да жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды және оны тағы 6 айға ұзарту туралы мәселе қарастырылып жатыр», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.