Доллар тағы қымбаттады

05.08.2019 20:39

Айырбастау нүктелерінде АҚШ валютасының бағамы 388 теңгеден асып кетті

Ақша айырбастау нүктелерінде АҚШ валютасының бағамы 388 теңгеден асып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өткен аптада ғана теңге антирекордын жаңартып, Қазақстан қор биржасында көкқағаз құны 385,1 теңгеге жеткен еді. Ал төл теңге бүгін тағы құлдырап, KASE-нің таңғы саудасында 385,76 теңгеге саудаланды.