Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,3 пайызды құрады
Қазақстанда 2019 жылғы наурызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 405 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,6 пайызға жоғарылады», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,3 пайызды құрады, ал сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,2 пайызы, жемістер мен көкөністерге 8,7 пайыз деңгейінде жұмсалды. Сондай-ақ нан және жарма өнімдеріне шығыстар 7,6 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштерге жұмсалған қаржы 2,2 пайызды құрады.