Алматыда заңсыз майнингтік ферма анықталды

21.02.2022 21:06

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді

Almaty.tv

Алматыда заңсыз майнингтік ферма анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді. Майнерлер қаланың индустриалды аймағы аумағында жасырын түрде криптаволюта өндіріп келген. Олар небәрі 4 айдың ішінде 21 миллион теңгеден аса ақшаны қолма қол шығарған. Ферманы тінту барысында тәртіп сақшылары 700-ден аса техника тауып, барлығын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жедел іздестіру нәтижесінде 6 контейнерде 700-ден астам майнинг жасайтын құрылғылар анықталып, тәркіленген болатын. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – деді Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.