2006 жылы шыққан банкноттар 1 ақпанға дейін жарамды – Ұлттық банк

2006 жылы шыққан банкноттар 1 ақпанға дейін жарамды – Ұлттық банк
Оған Ұлттық банкке келіп түскен көптеген өтініштер себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ескі банкноттарды жаңасына ауыстырып үлгеріңіз! Еліміздің Ұлттық банкі 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10000 теңгелік ақша номиналдарының осы жылдың 1 ақпанынан кейін жарамсыз болатынын ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, ескі үлгідегі ақша номиналын ауыстыру мерзімі осы уақытқа дейін ұзартылып келген еді. Оған Ұлттық банкке келіп түскен көптеген өтініштер себеп болған.

«Егер сізде не таныстырыңызда аталған банкноттар бар болса, онда сіздер тек Ұлттық банктің тек филиалдарында жарамды ақша белгілеріне ауыстыра аласыздар. Алматы қаласы бойынша филиал мекенжайы Панфилов көшесі 98-үй, Әйтеке би көшесінің қиылысында орналасқан. Өзге қалалардағы филиал мекенжайларын Ұлттық банктің сайтынан білуге болады. Аталған банкноталар 1 ақпаннан кейін қабылданбайды», – деді ҚР Ұлттық банкінің Алматы қалалық филиалының касса меңгерушісі Айжан Ахметова

Новости партнеров