Соңғы екі күнде елімізде 7 адам жол апатынан қаза болған

Almaty.tv
Almaty.tv
Республикалық жолдарда 35 жол апаты болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы екі күнде 7 қазақстандық жол апатынан қаза тауып, 50 адам жарақат алған. Ал, республикалық жолдарда  35 жол апаты болған. Ол туралы Ішкі істер минстрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше алдағы күндері Шығыс Қазақстан, Жамбыл Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райы нашарлайды. Сондықтан көлікпен алыс сапарларға шықпауды сұрады.

«Қар құрсауынан полиция күшімен 30-дан аса көлік эвакуацияланды. Ішкі стер министрлігі ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды назарға алуды сұрайды», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Кеше еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының бұзылуына байланысты әуе рейстері кешіктірілген еді. 5 облыста күре жолдар жабылды. Желдің күші қатты болуынан елордада кейбір үйлердің қабырғасы құлаған. Ал, Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы үш күнде жалпы республика аумағында боранды күндер болмайды дейді.

«14-15 қаңтарда Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын, боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады», – деді «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі Айдана Кәрімханова.

Новости партнеров