Fitch Ratings Алматы ӘКК-на халықаралық кредиттік рейтингін берді

deccanherald.com
deccanherald.com
Алматы ӘКК бағаны ұстап тұруының басты тетіктері қандай?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтингі  – шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі ("ЭДР") «BBB-» берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Білісбеков атап өткендей, Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация алғаш рет инвестициялық санаттағы халықаралық кредиттік рейтингке ие болып отыр.

«Бұл рейтинг кредит төлеу қабілетінің жақсы екенін, несиелер бойынша төмен болжамдарды, қаржылық міндеттемелерді уақтылы өтеу мүмкіндігі дәлме-дәл бағаланатындығын білдіреді. ӘКК-ның одан кейінгі даму кезеңдері және өсу нүктелері  – облигациялық қарыздардың сыртқы капитал нарығына шығарылуы», – деп атап өтті А. Білісбеков.

Оның айтуынша, Fitch Алматы ӘКК-нің рейтингісін мемлекетпен байланысты компаниялардың рейтингісі әдіснамасы негізінде бағалады, өйткені ӘКК Алматы қаласы әкімдігінің меншігінде және өз қызметін жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен қаржыландырылады.

Мысалы, 2015-2020 жылдары Алматы ӘКК қалалық азық-түлік қауіпсіздігі қорын қаржыландыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 46 млрд.теңге сомасында жеңілдетілген несиелер алды.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі ерекше бақылауда. Алматы ӘКК бағаны ұстап тұруының басты тетіктері:

- тұрақтандыру қорынан азық-түлік интервенциясы;

- жеңілдетілген қарыз беру арқылы кәсіпкерлік субъектілерін (сауда желілері, ірі жеткізушілер) тарту;

- демалыс күндері жәрмеңкелер мен 28 сауда павильондарының қызметі халыққа ӘМАТ-ын орташа нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынады.

Новости партнеров