|
30.03.2021 | 19:45
10047

Қазақстанда электр энергиясын өндіру тарифі өседі

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов осындай ақпарат айтты

Қазақстанда электр энергиясын өндіру тарифі өседі  Фото: ашық дереккөзден

1 сәуірден бастан елімізде жылу электр станцияларының шекті тарифтері орта есеппен 15%-ға артады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигіде Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов осындай ақпарат айтты.

«Қазақстанда 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сінің шекті тарифтері 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ұлғайтылатын болады. Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде берілген өтінімдердің негізділігіне талдау жүргізілді», – деді министрлік өкілі.

Оның сөзіне қарағанда министрлік мамандары өтінім беруші ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, жағдайды талқылаудың нәтижесінде станциялардың шекті тарифтерінің мәлімделген деңгейін екі еседен астам төмендеткен. 

«Оларды қарау кезінде министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Тарифтерді түзету биыл 30 наурызда жүзеге асты. Бұл туралы Энергетика министрінің тиісті бұйрығы 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 15% деңгейінде болжануда», – деді Қайрат Рахимов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир