«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының активтерін жекешелендіру мәселесі қаралды

skc.kz
skc.kz
2020 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарына «Самұрық-Қазынаның» 167 активі енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының активтерін жекешелендіру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы 2020 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарына «Самұрық-Қазынаның» 167 активі енгізілген. Бүгінде оның 138-і бойынша тармақтар орындалыпты. 21 компанияда өткізу және тарату,  қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықаралық капитал нарығындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және басқа да ірі ойыншылардың стратегиялық активтерін бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Новости партнеров